Жарнама
Жарнама

Бүгін шаршы алаңға Сәкен Бибосынов шығады

Редактор
06.12.2025, 12:20

Ботсвана өкілі Катлего Кеорапецемен жұдырықтасады

ҰОК

6 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан төрт боксшы өз жекпе-жектерін өткізеді.

Күндізгі сессия (басталуы – 18:00):

Алғашқы болып 75 келі салмақта сынға түсетін Сабыржан Аққалықов рингке көтеріледі. Оның қарсыласы – Сейшель аралдарынан келген Джошуа Аарон Кузин. Бұл айқас шамамен 20:45-те басталады.

Кешкі сессия (басталуы – 22:00):

22:00-де басталатын кешкі бәсекеде бірден үш қазақстандық бақ сынайды:

  • Даниял Сәбит (51 кг) – Кения боксшысы Кельвин Майнаға қарсы.
  • Сәкен Бибосынов (54 кг) – Ботсвана өкілі Катлего Кеорапецемен жұдырықтасады.

Бұл екі жекпе-жек 22:30-да екі бөлек рингте басталады.

Қазақстан құрамасы атынан соңғы болып бүгін шаршы алаңға шығатын:

  • Серік Теміржанов (60 кг) – оның қарсыласы Моңғолия боксшысы Цэндбаатар Эрдэнэбат. Бұл кездесу шамамен 00:15-те өтеді.
Реклама
Реклама