Жарнама
Жарнама

Команда әрекет етпегенде Жәнібекті 3-4 жылға спорттан шеттетіп жіберуі мүмкін еді – Берік Сұлтан

Редактор
14.03.2026, 09:55

Менеджер бұған дейін жағдайдың өте күрделі болғанын да жасырмады

instagram.com/beriksultan

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды.Спортшының менеджері Берік Сұлтан себебін түсіндірді. 

Оның айтуынша, IBF ұйымының мұндай шешім қабылдауына міндетті титул қорғау мерзімінің өтіп кетуі себеп болған. Менеджердің сөзінше, чемпиондық белбеулерге қатысты талаптар әр ұйымда әртүрлі болғанымен, ең қатаң ұстанымды дәл осы IBF танытқан.

«Төрт түрлі талаптың ішінде ең қатаңы – IBF болды. Сол себепті олар Жәнібектен белбеуді қайтарып алу туралы шешім қабылдады», – деді Берік Сұлтан.

Сонымен қатар, Әлімханұлының командасы үшін басты жағымды жаңалық – WBO титулының сақталуы болды. Қазіргі таңда қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO чемпионы мәртебесін сақтап қалды.

Берік Сұлтанның айтуынша, команда барлық мүмкіндікті пайдаланып, ұйымдармен тиісті жұмыстар жүргізген. Соның нәтижесінде WBO тарапы анағұрлым жұмсақ шешім қабылдаған.

Менеджер бұған дейін жағдайдың өте күрделі болғанын да жасырмады. Оның сөзінше, бастапқы кезеңде Жәнібек екі бірдей титулдан айырылып қана қоймай, ұзақ мерзімге, тіпті 3-4 жылға дейін шеттетілуі мүмкін деген қауіп болған.

Алайда команданың нақты қадамдары мен жүргізген жұмысының арқасында WBO чемпиондық мәртебені сақтап қалу туралы шешім шығарды дейді.

Еске сала кетейік, былтыр Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Лараға қарсы үш титул сарапқа салынуы мүмкін жекпе-жек алдында допинг дауына байланысты үлкен қысымға тап болған еді. Осы оқиғадан кейін IBF ұйымы қазақстандық боксшыны титулдан айырса, WBO одан жеңілірек шешім қабылдады.

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO чемпионы болып қала береді.

Реклама
Реклама