Кәсіпқой боксқа ауысқан қос боксшы өз мықтылығын спаррингте дәлелдеуі керек
Бокстан әйелдер құрамасынан лицензиялық турнирге баратын боксшылары спарринг арқылы іріктеледі. Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер алқасы сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақыртылған боксшылардың құрамын бекітті.
Бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, спаррингтік кездесулердің қорытындысы бойынша іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтайды.
«Маңызды додаға іріктеу спаррингтері болғандықтан боксшылар өз салмақ дәрежелеріне сай болуы керек. Салмақ бойынша сәл ауытқушылыққа рұқсат етіледі. Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақыртылды. Олардың арасында 54 келідегі Ангелина Лукас та бар. Ал 60 келіде спарринг ұйымдастырылмайтын болды. Өйткені, Италиядағы іріктеу турнирі кезінде жарақат алып қалған Римма Волосенконың қолы әлі жазылған жоқ», - деді бокс федерациясының өкілдері.
Осы орайда бапкерлер алқасы Римма Волосенконы да және оның басты бәсекелесі Виктория Графееваны да Бангкок бәсекесіне қатысуы мүмкін боксшылардың қатарына қосып отыр. Іріктеу турниріне қайсысының қатысатыны кейінірек өтетін оқу-жаттығу жиыны барысында белгілі болмақ.
Салмақ дәрежелері бойынша 54 келіде 7 боксшы спаррингке шықса, 66 келіде – 4, 75 келіде 3 боксшы сынға түседі.
50 келі:
Назым Қызайбай (1993)
Алуа Балқыбекова (1996)
54 келі:
Анель Сақыш (2000)
Жайна Шекербекова (1989)
Ангелина Лукас (1997)
Балауса Мұздыман (1997)
Элина Базарова (2004)
Ұлжан Сәрсенбек (2005)
Сымбат Әлиасқар (2004)
66 келі:
Жасмин Қизатова (2002)
Лаура Есенкелді (2000)
Наталья Богданова (1999)
Дариға Шәкімова (1988)
75 келі:
Гүлсая Ержан (2001)
Валентина Хальзова (1996)
Жібек Жарасқызы (2003).