«Мақсатым – бірінші орынға шығу». Ангелина Лукас оқырмандарына үндеу жасады

Редактор
25.07.2024, 18:25

Боксшы қыз тамызда 12-ші рет жекпе-жекке шығады

instagram.com/angelina_lukas1997

Танымал қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Instagram желісіндегі парақшасында әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады.

«Қайырлы кеш баршаңызға, қымбаттыларым. Қазіргі уақытта әлемдік рейтингте алғашқы 10-дықтың қатарындамын. Ендігі мақсат – бірінші орынға шығу, оған қарай қадамдап келе жатырмыз және тамыз айында әлем чемпионы атағы үшін тартыс болады. Сондай-ақ, менде екі әлем чемпионы атағы бар, олардың кейбірі WBF абсолютті әлем чемпионы IBA құрамына кіреді. Енді әлем чемпионының тағы үш негізгі белбеуін алу керек», – деп жазды боксшы қыз.

Айта кетейік, WBF, WIBF, WBC international champion, UBO international champion, UBO world champion нұсқалары белдіктерінің иесі тамыз айында 12-ші айқасына шығуға ниетті. Дегенмен Лукастың әзірге қарсыласының есімі анықталмады.