Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Кәсіпқой бокстағы ең сұлу қазақ қызы UBO чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

27.08.2025, 12:00

Оның қарсыласы үндістандық боксшы Мамта Сингх

Фото: instagram.com/muzdi_______

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман 5 қыркүйек Алматыда UBO чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.

Оның қарсыласы үндістандық боксшы Мамта Сингх. 2024 жылы Мамта  Сингх, Бангкокте Ангелина Лукаспен  жұдырықтасып, Лукас нокаутпен жеңген.

Үндістандық боксшы өз мансабындағы 9 жекпе-жектің 7-де жеңіп, 2 рет ұтылған.

Айта кетейік, Балауса Мұздыман соңғы рет 7 маусым да Алматы қаласында мысырлық Айя Рамаданды айқын басымдықпен жеңген еді. Ол өзінің мансабында барлығы 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 6-да нокаут тіркеген.

Бұл бокс кешінде Балаусадан өзге, Жанқош Тұраров, Қанат Сәңгілдер де қолғап түйістіреді. Айтулы турнирдің басты жекпе-жегі отандасымыз Али Ахмедов пен Танзания елінің өкілі Майгвисия арасындағы айқас болмақ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама