Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Жәнібек – үздік»: жеңілмеген боксшы Әлімханұлын жекпе-жекке шақырғаннан кейін мәлімдеме жасады

27.08.2025, 13:10

72 келідегі басты боксшы – Жәнібек Әлімханұлын жеңуі керек екенін айтады

«Жәнібек – үздік»: жеңілмеген боксшы Әлімханұлын жекпе-жекке шақырғаннан кейін мәлімдеме жасады
Фото: Top Rank

Енді «Қазақ стиліне» Карлос Адаместің орнына басқа да ықтимал қарсыласы пайда болды. Осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңген Аарон Маккенна Жәнібек Әлімханұлымен кездесіп, екеуінің қайсысы мықты екенін анықтағысы келеді.

 Бұған дейін де ирландиялық WBO және IBF чемпионына жекпе-жекке шақыру тастаған еді, алайда қазақстандық боксшы нақты жауап берген жоқ.

Сонымен қатар, Аарон Маккенна бұл шешімін орта салмақта үздік болуды мақсат етумен түсіндіреді. Ол үшін 72 келідегі басты боксшы – Жәнібек Әлімханұлын жеңуі керек екенін айтады:

«Мен өзімді әлемдегі ең үздік орта салмақтағы боксшымын деп сенемін. Бұны тағы дәлелдеуді қалаймын. Үздікпен жұдырықтасқым келеді және дәл қазір біздің дивизионда Жәнібек ең мықты екенін білемін», - дейді боксшы.

Айта кетейік, Әлімханұлы WBC белбеуін иеленіп отырған доминикандық Карлос Адаместі жекпе-жекке жан-тәнімен шақырып жүр. Алайда Карлос өзінің айтуынша, екі дүркін әлем чемпионы ресейлік боксшымен кездесетінін мәлімдеп, тек Жәнібекті ғана емес, ресми үміткер Мейірім Нұрсұлтановты да елемей отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам