Жарнама
Жарнама

«Қорқынышты түстей»: танымал футбол бапкері Қазақстандағы ең нашар стадионды атады

Редактор
18.03.2026, 17:43

Ол кезінде ұлттық құраманы да жаттықтырған. 

Reuters©

«Астана» клубының бұрынғы бас бапкері, болгариялық маман Станимир Стоилов Қазақстандағы стадиондардың жағдайына қатысты пікір білдірді.

Ол журналистің Қазақстанда «қорқынышты түстей» көрінетін ең нашар стадион жайлы сұрағына:

«Ондай стадиондар аз емес. Болгарияда алаңдардың жағдайы туралы айтып келе жатқаныма 22 жыл болды. Сол үшін талай сөз естідім: «синоптик» деді, «агроном» да деді. Бірақ мен мына нәрсені қайталаудан жалықпаймын: егер дамығыңыз кедсе, ең алдымен алаңдардың сапасына, стадиондар мен жалпы инфрақұрылымға көңіл бөлу қажет», – деді Стоилов.

Оның сөзінше, Қазақстанда матчтардың кейбірі шағын әрі жасанды жабыны бар алаңдарда өткен. Ал Атырауда футболшылардың киім ауыстыратын бөлмесінде қажетті жағдай болмай, футболшылар спортзалға баруға мәжбүр болған.  

Менің бір түсінбейтінім, Қазақстанда футболшыларға қомақты қаржы бөлінеді, алайда жаттығу базалары мен стадиондар салуға жеткілікті көңіл бөлінбейді», – деп атап өтті маман Zidan4eg LIVE арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Станимир Стоилов Қазақстанда «Астана» клубынан бөлек ұлттық құраманы да жаттықтырған. Қазіргі таңда ол Түркияның «Гезтепе» клубының бас бапкері қызметін атқарады.

Реклама
Реклама