«Шахтердің» бас бапкері қызметінен бас тартты

Редактор
02.04.2024, 19:52

Оның міндетін Андрей Финонченко атқарады

Шахтер ФК

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті.

Команданың баспасөз қызметі мәліметінше, Игорь Солошенко 1996-2013 жылдарда кәсіби футболда қазақстандық «Шахтер», «Жеңіс», «Тобыл», «Ертіс», «Оқжетпес», «Ақжайық» командаларында қорғаушы болып ойнаған. Ал ұлттық құрама қатарында 1998-2005 жылдарда жасыл алаңда доп тепті.

Ол 2015 жылдан «Шахтер» сапында спорт директоры қызметін атқарса, одан кейін бапкер болды. 2020-2023 жылдарда «Шахтер-Болат» клубында бас бапкері ретінде жұмыс істеді.

Игорь Солошенко былтырдан бері «Шахтердің» тізгінін ұстап, ел біріншілігінде команда 11-орынға тұрақтады. Осылайша кеншілер өлкесінің клубын Премьер-лигада алып қалды.

Өкінішке қарай, қарағандылық клуб чемпионат басталғалы бері 3 турдан кейін еш ұпайға қол жеткізе алмай лотыр. Осылайша "Шахтер" турнир кестесінде ең соңғы орында келеді.

Осыдан бастап «Шахтердің» бас бапкері міндетін ары қарай Андрей Финонченко атқармақ.