Бұған дейін маманның отставкасы туралы айтылған болатын
Футболдан ел чемпионы «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Александр Седнев қызметінде қалатын болды деп жазады «Серый CARDINAL» телеграм-каналы.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев командамен жұмысын жалғастыра береді. Ол мәселені жоғары жақпен шешкен», - деп жазылған аталған хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін спорт тақырыбында жазатын Telegram-каналдар Седневтің чемпионат басталмай жатып отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Тіпті, оны кетіруге клуб ішіндегі адамдар ықпал етіп жатқаны да жазылды.
Седнев шынымен мәселені жоғары жақпен шешті ме, әлде бұған дейін таралған ақпараттың бәрі қауесет пе, ол жағы әзірге белгісіз.