Абат Айымбетов пен командаластары 5 айдан бері жалақы ала алмай келеді – БАҚ

Редактор
21.05.2024, 11:02

Клубты шетелдік инвесторларға сату мәселесі қарастырылып жатыр

Адана Демирспор

Azerisport.com порталының жазуынша, «Адана Демирспор» клубы қаржылық қиындыққа тап болған. Аталған клубта қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов ойнайтынын айта кету керек.

«Әзірбайжан ұлттық құрамасының қақпашысы өнер көрсететін түркиялық «Адана Демирспор» клубының жағдайы қиындап кетті. УЕФА тарапынан салынған санкциядан бөлек, ойыншылар бес айдан бері жалақы ала алмай келеді. Олардың қатарында Магомедалиев те бар. Клубты қазір шетелдік инвесторларға сату мәселесі қаралып жатыр», - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, «Адана Демирспор» соңғы ойында «Антальяспормен» сырт алаңда ойнап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Жалғыз голды Абат Айымбетов соқты.