Елдегі футбол жанкүйерлердің көбі Ресейден Станислав Черчесовті алдырту бастамасына қарсылығын білдіріп отыр
Қазақстан құрамасынан бас бепкер Магомед Адиев отставкаға кеткелі «оның орнына кім келеді» деген сұрақ футболсүйер қауымның алаңдатып отыр. Осы орайда елімізге белгілі спорт маманы Григорий Лория өз ұсынысын айтты.
Үлкен Лория бұрын «Астана», «Жеңіс» және «Қызылжар» клубтарның басшысы болған. Оның пікірінше, дәл қазір футболдан Қазақстан құрамасына бас бапкер болуға Али Алиев лайықты.
«Алиевті тағайындау керек. Бұл дұрыс таңдау болады. Алиев – білікті, талапшыл және мінезді. Бастысы – ойыншылар оған сенеді», - деді Григорий Лория Meta-ratings.kz тілшісіне.
Али Алиев. Фото: QFL
Али Алиев қазіргі таңда «Қызылжар» клубын жаттықтырады. Бұған дейін ол «Шахтерда» және «Астананың» жастар құрамында бас бапкер болған.
Қазақстан футбол федерациясы болса жаңа бас бапкерді маусым айының басында тағайындаймыз деп уәде берген. Кейбір инсайдерлер бұл қызметке ресейлік маман Станислав Черчесовтің келетінін жазып жатыр. Тіпті, оған жылына 1,2 млн еуро жалақы берілетіні де айтылды. ҚФФ бұл ақпаратты растаған да жоқ, жоққа да шығармады.
Ал, елімізге танымал актер және комик Нұрлан Қоянбаев Ресейден бапкер алдыруға қарсы екенін білдірді. Ол өзінің Instagram-парақшасына Черчесовтің фотосуретін салып, «Керек емес» деп жазды.