Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасын 15-рет жеңіп алды

02.06.2024, 02:00

Команда капитаны Тони Кроос корольдік клубпен бірге Чемпиондар лигасын алты рет жеңіп алған

Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасын 15-рет жеңіп алды
instagram.com/championsleague/

Мадридтің «Реалы» Еуропа Чемпиондары лигасын 15-рет жеңіп, өзі қойған рекордты одан әрі жаңартты. Финалда корольдік клуб Дортмундтың «Боруссиясымен» кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті.

Ойынның бірінші таймы неміс командасының толықтай басымдығымен өтті. «Боруссия» қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, доп бірде қақпа бағанына тисе, бірнеше рет Куртуа өз қақпасын анық голдан сақтап қалды.

Екінші тайм басталғанда да дортмундтықтар қауіпті сәттер ұйымдастыра білді. Дегенмен, шабуылды нәтижелі аяқтайтын футболшы табылған жоқ. Ал, «Реал» болса 74-минутта есеп ашса (Карвахаль), 83-минутта екінші голын соғып (Винисиус), ойынның нүктесін қойды.

Осылайша, мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасын ең көп жеңген команда атағын одан әрі сақтап қалды. Оның рекордын жақын уақытта ешбір клуб бұза алмайды. Өйткені, екінші орындағы «Милан» бұл трофейді 7 рет қана жеңіп алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам