«Дембеле аутист сияқты ойнайды». Аргентиналық бапкер Франция футболшыларын сынады

Редактор
21.07.2024, 16:07

Францияның құрамы ерекше, бірақ оларға көп жүгіру керек 

gettyimages.com

Аргентина құрамасының бұрынғы бас бапкері Хорхе Сампаоли Францияның Еуро-2024-тегі ойынын сынап, команданың кейбір көшбасшыларын «аутист» деп атады.

Естеріңізде болса, Еуропа біріншілігінің жартылай финалында Франция Испания құрамасына 1:2 есебімен жол берді.

«Кейбір ойыншылар іс-әрекеттің немен аяқталатынын күтіп отыратын көрермен секілді. Олар Дембеленің аутист секілді ойнайтынын біледі: ол әрекетті өзі бастап, өзі аяқтайды. Онда командалас әріптесінің жарқырауына көмектесу деген жоқ. Ол өзі жарқырауды ғана біледі. Мбаппеде де аздап сондай бар.

Францияның құрамы ерекше, бірақ оларға көп жүгіру керек, кеңістік тарыла бастаса, өздерінің жеке қабілеттеріне қарамастан, шабуылдауды ұмытып қалады. Бұл пас беретін футболшылар мен командалық ойынның жоқтығынан.

Команда солистерінің көңіл күйіне байланысты ойнайды. Мен мұндай футболды түсіне алмаймын. Тағы бір таңғалдырғаны, Францияда командалық рух байқалған жоқ. Жартылай финалда олар испаниялықтардың алаңның бір жағынан екінші жағына оп-оңай пас беріп жатқанын бақылаумен ғана шектелді, ештеңе істей алған жоқ», - деді ол So Foot-қа берген сұхбатында.

Материалда: