ҚХЛ-де ең соңғы орын алған «Барысқа» жаңа бапкер тағайындалды

Редактор
08.05.2024, 21:20

Ол бұрын «Барыста» ойнаған

Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барысына» сәтсіз маусымнан кейін жаңа бас бапкер тағайындалды. Команданың тізгінін енді канадалық Дэвид Немировски ұстайды.

Ол бір кездері ойыншы ретінде «Барыста» өнер көрсеткен. Сонымен қатар, Канада, АҚШ, Швеция, Ресей командаларының намысын қорғады.

Ал мансабын аяқтаған соң, 2015 жылы «Адмиралдың» спорттық директоры болды. Кейін бапкерлікке ауысты. Осыған дейін Ресейдегі  «Торпедо» және «Сибирь» командаларын жаттықтырған. Онымен келісімшарт бір жылға жасалды.

Айта кетейік, «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының 2023/24 жылғы маусымда 68 матчта 50 ұпай ғана жинап, Шығыс Конференциясында соңғы орын алды. Команда плей-офф кезеңіне өте алмады.