Қазақстанның 15 жастағы хоккейшілері жаппай төбелесті (ВИДЕО)

Редактор
05.12.2023, 14:14

Ешкім жарақат алған жоқ

Фото ашық дереккөзден

Жасөспірім хоккейшілер арасында Қазақстан чемпионатының кезекті туры аясында «Ақтөбе» мен «Горняк» командалары кездесіп, матч соңы жаппай төбелеске ұласты.

15 жастағы хоккейшілер үшінші периодтың ортасында таяқтарын тастай сала, тікелей мағынасында жаға жыртысты. Бұл сәтте 4:1 есебімен «Ақтөбе» жеңіп жатқан. Ал, төбелестің видеосы Instagram-пабликтерде тарап кетті.

Оқырмандар хоккейшілер үшін төбелестің қалыпты жайт екенін айтса, өзгелері бір адамға бірнешеуінің жабылуы спорттық этикетке жатпайтынын айтып отыр.

Материалда: