«Барыс» маусымда 11-ші жеңіліп, Омбыдан төбелесіп қайтты (ВИДЕО)

Редактор
05.10.2024, 19:27

Астаналық клуб небәрі екі-ақ рет жеңіске жеткен

ХК Авангард

Бүгін Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасымен өткізіп, әдеттегідей жеңіліп қалды.

Омбыдағы ойын айдын иелерінің пайдасына шешілді. Қарсылас команда «Барыс» қақпасына жауапсыз төрт шайба салды. Қорытынды есеп – 4:0.

Бірінші кезеңде «Авангард» ойыншысы Никита Холодилин мен «Барыс» Тамерлан Гайтамиров бір төбелесіп алды. Бұдан артығына астаналық хоккейшілердің шамасы жетпеді.

Айта кетейік, осылайша «Барыс» маусымдағы 11-ші жеңілісіне ұшырады. Команда Шығыс дивизионында соңғы орында келеді.