Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы Австриядан жеңілді

Редактор
17.12.2023, 10:02

Дегенмен, Сергей Старыцин шәкірттері топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтады

icehockey.kz

Венгрияда өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Австриядан жеңілді.

Бұған дейінгі төрт матчта жерлестеріміз жеңіп, A тобында көш бастаған болатын. Сондай-ақ, Қазақстан хоккейшілері әлемдік элиталық дивизионға жолдама алған. Соңғы ойынның нәтижесі бұл көрсеткішке еш әсерін тигізген жоқ.

Ойынның негізгі уақыты 6:6 есебімен аяқталған. Овертаймда да қос құрама гол соға алмады. Ал, буллиттер сериясында австриялық жас хоккейшілер 2:1 есебімен айласын асырды.

Осылайша, Қазақстан өз тобында 13 ұпаймен көш бастады. Одан кейін Дания (9), Франция (9), Австрия (8), Венгрия (4) және Япония (2) командалары жайғасқан.