Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында төртінші жеңісіне жетті

14.12.2023, 20:42

Топ жеңімпазы элиталық дивизионға жолдама алады

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында төртінші жеңісіне жетті
icehockey.kz

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді.

A тобында ойнайтын Сергей Старыцин шәкірттері бүгін Жапония хоккейшілерімен кездескен. Есепті жетінші минутта жапон командасы ашқанымен, қазақстандықтар үш периодта бір-бір шайбадан соғып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Венгрия, Дания және Франция командаларын жеңіп, өз тобында көш бастаған еді. Топтан жеңімпаз болып шыққан құрама элиталық дивизионға жолдама алады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам