Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елдос Сметов Қазақстанға оралды: ол Астана Гранд Слэміне қонақ ретінде қатысады

03.05.2025, 20:02

Елдос Лондонда 4 айдай ағылшын тілін оқыды

Фото әлеуметтік желіден

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Англиядан Қазақстанға оралды. Жыл басынан бері ағылшын тілін үйренген ол енді жаттығуға кірісуді көздейді. 

Былтыр Олимпиада ойындарында топ жарған отандасымыз өзін шетелдік әріптестері құттықтағанын, алайда олармен тікелей ағылшын тілінде тілдесу мүмкін болмағанын атаған еді. Кейін ол тіл үйренуге бекініп, отбасымен бірге Англияға аттанған еді.

«Ағылшын тілінде еркін сөйлеуге нәсіп етсін. Англияға келуімнің басты себебі де осы болды. Барынша тырысып жатырмыз, бірақ өте қиын болып жатыр. Дегенмен, тырысып бағудамыз», - деген болатын Сметов бұған дейін.

Олимпиада чемпионы 9-11 мамыр аралығында Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің құрметті қонағы ретінде шақырылды. Аталған турнирге әлемнің ең үздік дзюдошылары қатысады, олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары бар.

Елдос болса мамыр айында-ақ жаттығуға кіріспекші. Бұл туралы оның бапкері мәлімдеген болатын. Бабына келген ол келер жылдың басында ұлттық құрама сапына қосылып, жарыстарға қатысуы мүмкін.

Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада ойындарынан үш рет жүлде алған қазақстандық дзюдошы. Ол Риода күміс, Токиода қола медаль еншілесе, Франция астанасындағы ойындарда чемпион болды. Сондай-ақ, ол әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы.

Жарнама
Жарнама