Жарнама
Жарнама

Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирде финалға шықты

Редактор
Бүгін, 11:07

Отандасымыз ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге жұптық сында өнер көрсетіп жатыр

ktf.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Баотоуда (Қытай) өтіп жатқан ITF W50 турнирінде жұптық сында финалға шықты.

Отандасымыз ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге жартылай финалда қытайлық Жангсу Хан мен америкалық Эми Жу дуэтіне қарсы ойнады. Алғашқы сет тартысты өтіп, 7:5 есебімен Құламбаева мен Рейнгольдтың пайдасына шешілді. Екінші партияда олар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

1 сағат 8 минутқа созылған кездесуде қазақстандық-ресейлік жұп 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты сәтті пайдаланды.

Енді Жібек Құламбаева мен Екатерина Рейнгольд финалда италиялық Дилетта Черубини – қытайлық Ченги Юань және Мэйки Го – Цзин-Цзин Лу жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.

Реклама
Реклама