Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Ақтөбеде спортшы бала әлімжеттік құрбаны болды…

16.04.2024, 17:26

Біз мына түрімізбен жақын болашақта адам болмаймыз

Ақтөбеде спортшы бала әлімжеттік құрбаны болды…
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеден жаға ұстатарлық хабар жетті. Есет батыр атындағы облыстық олимпиадалық резерв мектеп-интернатының 8-ші сынып оқушысы Бексұлтан Әбубәкір әлімжеттік құрбаны болды. 14 жастағы өренді жоғарғы сынып оқушылары жұдырықтың астына алған. Ауыр соққы жүрегіне тиіп, салдарынан тамыры жарылып кетті. Өкініштісі сол, бала жатақханада көз жұмған. Яғни, жедел жәрдем келгенше жүріп кетті.

«Кешкі 18:00-ден кейін жатақханадағы барлық қызметкер жұмысынан кеткен. Оқушылар осы уақытта өз шаруасына кіріскен. Жоғарғы сыныптың оқушылары, 10-сынып, 9-сынып, колледждің балалары бәрі жиналып, 10 баланы бөлмеге кіргізіп алып, әлімжеттік көрсетті. Сондағысы – дөнерге ақша талап еткен. Бұлар бермеген. Сол жерде соққыға жыққан», - дейді Бексұлтанның әкесі Қайрат Қайназаров.

Тағы бір айта кетерлігі, Бексұлтанмен бірге бауыры Ерсұлтан да таяқ жеген. Егіздің сыңары дәл көз алдында құлады.

Масқара жағдай. Бұл қайғыға мектеп қызметкерлерінен бастап, облыстық спорт басқармасы, тіпті, облыстық әкімдік те жауапты. Қазанның бетін жылы жаба салуға болмайды. Қатаң тексеріс керек! Резонанс жасау керек! Ешкім жауаптан жалтармасын! Өзім де интернатта оқыдым. Сондықтан, ішкі жүйені білемін. Қынжылтатыны – содан бері ештеңе өзгермеген. Баяғы жартас, сол жартас. Салдарынан қараптан-қарап балалар өліп кетіп жатыр. Біз мына түрімізбен жақын болашақта адам болмаймыз...

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам