Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Олимпиадаға баратын журналистердің іріктеуі қалай өтті?

19.04.2024, 09:51

Өзге журналистер Ұлттық олимпиадалық комитеттің іріктеуіне аң-таң

Олимпиадаға баратын журналистердің іріктеуі қалай өтті?
informburo.kz

Мына жақта спортшыларымыз жазғы ойындар жолдамасына таласып, ақ тер-көк тер болып жатқанда, Ұлттық олимпиадалық комитет тілшілердің іріктеуін өткізіп тастапты.  Ең қызығы іріктеу қалай өткені түсініксіз. Вообшым, Парижге баратындардың тізімі мынадай: Ерік Ілиясов, Әнуар Абдрахманов, Күнсұлтан Отарбай, Герт Юлия Милова, Ақырыс Сейітқазы, Владислав Семенов, Тұрар Қазанғапов  және Сали Сабиров. Бұл жөнінде beksportkz телеграмм арнасы хабарлады. Спорт тақырыбын жазып жүргендерден Ақырысты ғана таныдым. Ал, фотографтардан Тұрар мен Салиді байрақты бәсекелерден көремін. Әріптестер ренжімесін. Бірақ, басқаралын білмейміз. 

Бірден айта кетейін, «мен неге жоқпын?» деген әңгіме емес. Айтулы жарыстардан шеттетіліп, түрлі қысымға тап болуға  етім үйренген. Салада қалам тербеп жүрген әріптестер хабарласып жатыр. Ұлттық олимпиадалық комитеттің іріктеуіне аң-таң. Жалпы, осындай ойындарға бір жағынан тәжірибелі, басқа жағынан «аш балаларды» жіберу керек қой. Халыққа 24 сағат бойы үздіксіз ақпарат қажет. Сәл тойынып, турист бола бастады ма, алып тастаңдар. Спорттағы сияқты бұнда да тілшілердің, әсіресе, жас тілшілердің резерві болған маңызды. 

Бұған дейінгі олимпиадаларда да қазақстандық делегация тізімі қалай жасалатынын білмедік. Тихнично өздері келісіп алып, кете беретін. Қазір енді ақпараттық жағынан ашық заман. Әлеуметтік желі арқылы бәрін көріп отырамыз. Осы тұрғыда Ұлттық олимпиадалық комиеттен де ашықтықты талап етемін. Ресми түсіндірме керек. Тізім қалай жасалды? Неге дәл осы адамдар? Өйткені, олардың шығынын мемлекет көтереді. Халықтың қалтасына түсетін салмақ. Сәйкесінше, сол халық анық-қанығын білуге де толық қақы бар...

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам