Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақ футболы «OLIMPBET» атауынан арылады

29.04.2024, 12:51

Заңның аты заң. Енді одан ешкім аттап кете алмайды...

Қазақ футболы «OLIMPBET» атауынан арылады
qfl

Тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісейін. Біреу білсе, біреу білмес, дәл қазір Мәжіліс қабырғасында дене шықытыру және спортқа қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Жұмыс тобының төрағасы - Нартай Аралбайұлы. Айтпағым, о баста депутаттарды алаңдатқан негізгі мәселенің бірі осы қазақ футболындағы букемекерлік компания атауы болды. Яғни, «OLIMPBET ПРЕМЬЕР ЛИГАСЫ», «OLIMPBET КУБОГЫ» және «OLIMPBET СУПЕР КУБОГЫ»  дегендер көбейіп кетті. 

Футбол алаңының жиегінде не футболшылардың жидесінде тұрса бір жөн. Бұл компания, есіргені соншалық, Қазақстан чемпионатының да атын иемденіп алған. 

Қысқасы, оны алып тастау бір ойлағандай оңай емес екен. Өйткені, букмекерлік компания, қателеспесем, 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Сол құжатты негізге алып, бет бақтырмайды. Мәселені шешудің бір ғана жолы болды. Заңмен тыйым салу. Жұмыс тобының жетекшісі Нартай Сәрсенғалиев бастаған депутаттар арнайы норма ұсынды. Оның негізінде спортқа жауапты министрлік арнайы класификатор енгізеді. Ол жерде жарнамалық және коммерциялық атауларға жол берілмейді. Оның ішінде осы букмекерлік компанияның атауы да бар. 

Менің ойымша, бұл – өте дұрыс шешім. Өйткені, букмекерлік компаниялар әбден шектен шықты. Иә, қаржылай қолдау көрсетеді. Бірақ, демеушімін деп, бір елдің чемпионатын тұтастай сатып алу деген масқара ғой. Енді осы заң жобасы өз реттілігімен Президенттің алдына жетуі керек. Одан кейін мемлекет басшысының қол қоюын асыға күтеміз. Сәйкесінше, алдағы маусымнан бастап «OLIMPBET» атауы алынады. Бұл қазақ футболындағы үлкен жеңіс деуге болады. Соңғы жылдардағы үлкен жеңісіміз. Өйткені, осы компанияны қолдайтын әріптестер «ештеңе бітіре алмайсыңдар, олар кез-келген депутатты сатып алады, олар бүйтеді, олар сүйтеді» - деп біраз нетіп еді. Жоқ. Халық қалаулылары норманы қабылдады. Заңның аты заң. Енді одан ешкім аттап кете алмайды...

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам