Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Даңқты балуан Садулаев әлем чемпионатындағы жеңілісінен кейін алғашқы жарысына қатысады

26.01.2024, 17:14

Ол Олимпиада лицензиясын алу үшін барын салмақ

Даңқты балуан Садулаев әлем чемпионатындағы жеңілісінен кейін алғашқы жарысына қатысады
Фото ашық дереккөзден

Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы дағыстандық Абдурашид Садулаев өткен жылғы әлем чемпионатындағы жеңілісінен соң алғашқы жарысына қатысатын болды. 25-29 қаңтар күндері Ресейдің Красноярск аймағында өтетін дәстүрлі турнирде белгілі спортшымен бірге оның жерлесі, Токио олимпиадасының чемпионы Заур Угуев бабын тексеріп көрмек.

Абдурашид Садулаев Токио олимпиадасынан кейін араға екі ай салып Ослода өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді. 2022 жылдың басында Ресей әскері Украинаға қарсы соғыс ашқаннан кейін бұл елдің спортшылары біраз уақыт халықаралық жарыстардан шеттетілді. Дегенмен, былтыр әлем чемпионатына қатысуға рұқсат алып, Садуллаев Сербиядағы біріншілікке қатысты. Жартылай финалда ол Бахрейн атынан күресіп жүрген өз жерлесі Ахмед Тажудиновтен жеңіліп қалды. Үшінші орын үшін болатын белдесуге ресейлік балуан шыққан жоқ. Оның себебін бапкерлері жарақатпен түсіндірді. Әлем біріншілігінен соң бірден ота жасатқан спортшы төрт айдан кейін жарыста алғаш рет күрескелі отыр.

Иван Ярыгин атындағы Гран-при турнирінде топ жарған ресейлік балуандар алда олимпиадалық іріктеу турниріне қатысады. Ал әзірге Садулаев күресетін 97 келі салмақта жолдама жоқ. Сондықтан Париж олимпиадасының жолдамасын иелену үшін Садулаевтың Красноярскте өтетін турнирде барын салатыны анық.

Спорт сарапшылары оның Белградтағы әлем чемпионатында қарсыласынан дәрменсіз күйде ұтылғанын екі жылға жуық ірі турнирдерде күреспегенімен байланыстырған. Оған дейін Абдурашид Садулаев 2017 жылы Парижде өткен әлем чемпионатының финалында жеңілген еді. Сол жолы ол Рио олимпиадасының чемпионы Кайл Снайдерден 6:5 есебімен ұтылып, күміс жүлдені иеленді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам