Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

NBA-да ойнайтын танымал баскетболшы бәс тіккені үшін өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді

18.04.2024, 14:29

Ұлттық баскетбол қауымасты ойыншылардың бәс тігуіне қатаң тыйым салады

NBA-да ойнайтын танымал баскетболшы бәс тіккені үшін өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді
AP

«Торонто Рэпторс» баскетбол клубының орталық ойыншысы Джонтей Портер бәс тіккені үшін өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді. Бұл туралы Ұлттық баскетбол қауымастығының (NBA) ресми сайтында жазылған.

Белгілі болғандай, Портер букмекерлік кеңселерде бәс тігетіндерге өзі ойнайтын матчтарға қатысты ақпарат беріп отырған. Сондай-ақ, сенімді адамының атынан аккаунт ашып, өзі де NBA ойындарына бәс тіккен.

«Біздің жанкүйерлер мен командалар алдында спорттағы адалдықты сақтаудан артық маңызды мәселе жоқ. Сондықтан, Портерге өте қатаң жаза қолдандық. Жауапты тараптардың бәрімен бірлесе жұмыс істей отырып, біз біздің лига мен ойынның қауіпсіздігі және әділдігі үшін тынбай еңбек етеміз», - деді NBA комиссионері Адам Сильвер.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам