Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

40-қа келген даңқты Джеймс Леброн мансабына қатысты мәлімдеме жасады

01.05.2024, 12:16

Ол сұрмергендердің әлемдік рейтингінде бірінші орында тұр

40-қа келген даңқты Джеймс Леброн мансабына қатысты мәлімдеме жасады
RONALD MARTINEZ/GETTY IMAGES

«Лос-Анджелес Лэйкерс» шабуылшысы, даңқты баскетболшы Джеймс Леброн спорттағы мансабына қатысты мәлімдеме жасады. Пікірін ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.

Айта кетейік, «Лэйкерс» NBA-ның плей-офф кезеңінің бірінші айналымынан ары аса алмады. «Денвер Наггетспен» кездескен Леброн командасы бес ойынға созылған серияда 1:4 есебімен жеңілді. Былтыр да дәл осы «Денвер» «Лэйкерстің» жолына жартылай финалда кескен болатын.

«Менің болашағыма қатысты көптеген сұрақ келіп жатыр. Мен бұған жауапты кеше бергем және тағы қайталап айтам: әзірге нақты шешім қабылдаған жоқпын. Қазір бастысы отбасыммен бірге болу. Жақындарыммен және кеңесшіммен ақылдасқан соң сіздерге бәрін айтамын», - деді Джеймс.

Джеймс Леброн NBA-дағы ең кәрі ойыншылардың бірі, ол биыл желтоқсанда 40 жасқа толады. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам