Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

NBA-ның экс-жұлдызы небәрі 33 жасында қайтыс болды

05.05.2024, 02:57

Ол мансабын 2020 жылы аяқтаған

NBA-ның экс-жұлдызы небәрі 33 жасында қайтыс болды
Лос-Анджелес Лэйкерс

Америкалық баскетболшы Дариус Моррис 33 жасында қайтыс болды. Әзірге оның өліміне не себеп болғаны айтылмады.

Дариус Моррис NBA лигасында 2011-2019 жылдар аралығында ойнады. Ол ең алғаш рет «Лос-Анджелес Лэйкерс» командасының сапына алынған. Мұнан кейін «Филадельфия Сиксерс», «Бруклин Нетс», «Лос-Анджелес Клипперс» сынды баскетбол клубтарында өнер көрсетті.

2019 жылы Моррис Ресейге көшіп келіп, «Енисей» командасының намысын қорғаған. 2020 жылы Францияның «Гравлин-Дюнкерк» клубына ауысып, сол жылы мансабын аяқтады.

«Лос-Анджелес Лэйкерс» клубының Instagram-дағы ресми парақшасында Морристің өліміне байланысты көңіл айту жазбасы жарияланды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам