Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бұлбұл Мурат Моңғолияның баскетболдан жоғарғы лига финалында чемпиондық атаққа таласады

13.02.2025, 09:46

Былтыр оның командасы Моңғолияның ең үздік ұжымы атанған болатын

Бұлбұл Мурат Моңғолияның баскетболдан жоғарғы лига финалында чемпиондық атаққа таласады
turkystan.kz

Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан баскетболдан әйелдер арасындағы жоғарғы лига сайысында Моңғолия қазағы Бұлбұл Мурат командасымен бірге финалға жолдама алып, чемпиондық атаққа таласатын болды.

Ол «Омни хүлэгүүд» клубының сапында өнер көрсетеді. Клуб былтыр да чемпиондыққа таласқан болатын. 

Финал үшін тартыста «Омни хүлэгүүд» «Аравт» командасымен ойын өткізіп, 87-62 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Бұлбұл Мурат бақ сынайтын 3х3 командасы 2024 жылы Моңғолияның үздік баскетбол клубы атағына ие болған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам