
Бұл – биылғы маусымдағы 37-ші жеңіліс болып отыр
ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы өз алаңында Саратовтың «Автодорын» қабылдап, ойсырай жеңілді.
Ойын бастала салысымен қонақтар тізгінді қолына алып, Астанаға жеңіс үшін келгенін түсіндірді. Төрт кезеңде де «Автодор» басымдық танытып, нәтижесінде 88:56 (20:15, 24:10, 26:15, 18:16) есебімен жеңіске жетті.
«Астана» сапындағы үздік ойыншылар:
Глеб Плотников шәкірттері осылайша маусымдағы 38-ші ойынын өткізіп, оның 37-де жеңіліп отыр. Тек бір ойында ғана «Астана» жеңіске жеткен.