
Алғашқы матч 29 наурызда Сингапурға қарсы өтеді
Моңғолияда дүниеге келген қазақ қызы Бұлбұл Мұрат баскетболдан Азия чемпионатына қатысады. Спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бұлбұл Мұрат бастаған Моңғолияның баскетболдан «3х3» қыздар құрамасы күні кеше ғана Сингапурға Азия чемпионатына аттанды. Алғашқы матчты Моңғолия құрамасы 29 наурызда Сингапурға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, дәл осы құрама сапында Бұлбұл Мұрат 2024 жылы Моңғолияның үздік баскетбол командасы атағын жеңіп алған болатын.
Ал, 2025 жылы Бұлбұл Ұланбатыр қаласында «Омни-хүлэгүүд» командасымен бірге баскетболдан әйелдер арасындағы жоғары лига сайысында чемпиондық атаққа таласып, екінші орын иеленді.