Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Риода Левиттің жеңісін ұрлады деген ресейлік боксшы қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұрады

Бүгін, 09:07

Ол ауыр сөздерді эмоцияға беріліп айтқанын мойындады. 

Риода Левиттің жеңісін ұрлады деген ресейлік боксшы қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұрады
ҚР ҰОК

Ресейлік боксшы Евгений Тищенко қазақстандық жанкүйерлерге Рио Олимпиадасынан бері жақсы таныс. Төртжылдықтың бас додасында ол 91 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанған. Дегенмен финалында жерлесіміз Василий Левитпен кездесіп, бұл айқас қорытындысы дауға айналған еді. Көпшілік ресейлік былғары қолғап шебері Левиттің жеңісін ұрлап алды деп шулады. Алайда Тищенко өзін сынаған қазақстандық жанкүйерлерге ауыр сөздер айтқан еді. Енді сол сөздері үшін кешірім сұрады.

– Дубайға ресейлік боксшыларды қолдау үшін арнайы келдім. Қазір өзім «Здоровое Отечество» қоғамдық ұйымында жұмыс істеймін, спортты, соның ішінбе боксты дамыту жолында еңбек етіп жатырмыз.

– Сізді біздің жанкүйерлер Василий Левитпен айқасыңыздан соң танып қалды. Содан бері біраз уақыт өтті...

– Олимпиададан соң қазақстандық жанкүйерлер теріс пікірлер жазды, оған түсіністік таныттым. Себебі қателік өзімнен, ауыр сөздер айттым. Эмоцияға беріліп кеткен екенмін. Сол үшін де барлық қазақ жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Әйтпесе өзім де қазақстандық боксшыларға жанкүйермін, олардың аяқ алысын бақылап отырамын. Әсіресе еуропалық, америкалық былғары қолғап шеберлерімен жұдырықтасқанда міндетті түрде қазақстандық спортшыларды қолдаймын. Кәсіпқой боксшыларыңызды да қарап жүремін. Өйткені біздің бокс мектептеріміз ұқсас.

– Олимпиададан соң кәсіпқой боксқа ауысқаныңызды білеміз.

– Иә, кәсіпқой бокста бес жылдай жүрдім. Осы аралықта 100 келіден жоғары салмақта чемпиондық титулға да иелік еттім. Бірақ біраз қиындыққа тап болдым. Коронавирус болды, сонан соң арнайы операция барысында біраз уақыт жоғалтып алдық. Карьерамыз ұзақ қой, сондықтан ойлана келе әрі қарай дамимын деп шешіп, басқа бағытқа ден қойдым. Умар Кремлев бұл жолда жақсы көмек көрсетті.

– Содан бері бокс қаншалықты өзгерді?

– Шыны керек, бокста көп нәрсе өзгеріп кетті, өзіне тән қиындықтар бар. Соңғы жылдары Өзбекстанның қарқыны өте жоғары, Олимпиада ойындарында көш басында жүр. Алдағы Олимпиада ойындарына ресейлік боксшылар да қатысады деп үміттенеміз.

Меніңше, бұрын бокс ауқымдырақ болған тәрізді. Көптеген ел қатар жүретін, ал қазір өзбектер алға шығып кетті. Мұны жоққа шығару ақымақтық болар.

– Қазір бокс әлемінде екі ұйым бар: ІВА және World Boxing. Осы орайда ІВА-дің болашағы жайлы не айтасыз? Бұл қаншалықты өміршең ұйым?

– Бұл сұраққа жауап беру қиын. ІВА-ның құрылғанын 100 жылдан асты, танымал ұйымдардың бірі. Ал World Boxing – былтыр ғана құрылған жас ұйым. Биыл күзде бірінші рет әлем чемпионатын өткізді. ІВА-ның сыйақылары қомақты, тарихы бар. Бірақ біз Геннадий Головкинді қатты құрметтейміз, бағалаймыз. Оның ұйымның тізгінін алғанынан хабардармын. Жеке таныспын, сондықтан оған тек сәттілік тілеймін. Оған спорттық карьерасында қандай жетістікке жетсе, қызмет жолында да сондай белестерді бағындыруына тілектеспін.

– Головкин жақында ғана Даңқ залына енді...

– Иә, Головкиннің Халықаралық Даңқ залына енгенін оқыдым. Қуаныштымын. Онымен жеке таныс болғанымды мақтан тұтамын. Посткеңестік елден шыққан боксшы осындай жетістікке жеткені шынымен де қуанышты жайт.

– Сізді Ресей президенті Владимир Путиннің күзет қызметінде жұмыс істеді деп естідік. Бокс пен мұндай жауапкершілігі жоғары жұмысты қатар алып жүру қаншалықты қиын болды?

– Мен тек президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз еттім.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам