Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстандық боксшы Олимпиада жүлдегеріне есе жіберді

10.12.2025, 21:32

Бүгін үш боксшы жарысты 1/8 финалдан аяқтады. 

Қазақстандық боксшы Олимпиада жүлдегеріне есе жіберді
ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Нұрлан Сапарбай Дубайда (БАӘ) IBA ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті.

92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жартылай финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Нұрлан рингке армениялық Давит Чалоянға қарсы шықты. Үш раундқа созылған айқастың қорытындысы бойынша жеңіс Чалоянға бұйырды.

Нұрлан Сапарбай – Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2023, 2025). Ол әлем чемпионатының 1/8 финалында IBA-PRO лигасының өкілі Имам Раамезанпурделварды жеңіп, ширек финалға өткен болатын. Ал Давит Чалоян – 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2024 жылы Париж Олимпиадасына қатысқан тәжірибелі боксшы.

Бұған дейін Серік Теміржанов пен Санатәлі Төлтаев жарыс жолынан шығып қалды. 

Еске сала кетейік, IBA әлем чемпионаты 3 желтоқсанда Дубайда басталды. Жүлде қоры 8,32 млн долларды құрайтын дүбірлі додаға әлемнің 118 елінен боксшылар қатысып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам