Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстанның жетінші боксшысы әлем чемпионатында жеңіліс тапты

10.12.2025, 22:49

Ол - бүгін біріншілікте жеңілген төртінші боксшы. 

Қазақстанның жетінші боксшысы әлем чемпионатында жеңіліс тапты
Автор

Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит 2025 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалында өнер көрсетті. Бұл турнирді Халықаралық бокс федерациясы (IBA) Дубайда (БАӘ) өткізіп жатыр.

51 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шығу жолында Сабит замбиялық боксшы Патрик Чиньембамен кездескен. Қазақстандық боксшының белсенділігі мен нысаналы соққыларына қарамастан, бірінші раундта жеңісті африкалық спортшы иеленді. Алайда екінші раундта Сабит есепті теңестірсе де, үш раундтың қорытындысы бойынша жеңіс Чиньембаға берілді. Жекпе-жектің қорытындысы – 5:2, африкалық спортшының пайдасына.

Сабит – Қазақстанның үш дүркін чемпионы және 2025 жылы Нидерландта өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы. IBA әлем чемпионатының 1/16 финалында ол кениялық Кельвин Майнды жеңсе, 1/8 финалда Кабо-Верде өкілі Леник Фернандесті жеңіп шыққан.

IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты 3 желтоқсанда Дубайда басталды. Жүлде қоры 8,32 миллион доллар болатын турнирге әлемнің 118 елінен боксшылар қатысып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам