Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстандық нокаутшы жартылай финалға шықты

10.12.2025, 23:03

Ол бұған дейін қарсыласын 22 секундта нокаутқа түсірген еді. 

Қазақстандық нокаутшы жартылай финалға шықты
Автор

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында шаршы алаңға шықты.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Асылқұлов Испания өкілі Карлос Мартинес Бернандомен күш сынасты. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетіп, IBA әлем чемпионатының кемінде қола жүлдесін қамтамасыз етті.

Оразбек Асылқұлов – 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ол осы әлемдік додадағы 1/8 финалда Эсватини елінің боксшысы Мукело Дламинді кездесудің небәрі 22-секундында нокаутқа түсіріп, жеңіске қол жеткізген еді.

IBA ұйымының әлем чемпионаты 3 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) басталды. Жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайтын бұл додаға әлемнің 118 елінен боксшылар қатысып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам