Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Ескерту берілді: Зейнуллинов жартылай финалда өнер көрсетеді

10.12.2025, 23:36

Ол қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. 

Ескерту берілді: Зейнуллинов жартылай финалда өнер көрсетеді
Автор

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында өзінің кезекті жекпе-жегін өткізді.

63,5 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама беретін кездесуде Зейнуллинов Израиль спортшысы Ахмад Шитвимен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған айқаста қазақстандық боксшы айқын басымдық көрсетіп, төрешілер бірауыздан жеңісті жерлесімізге берді. Екінші раундта қарсыласы белсенділік танытпағаны үшін ескерту де алды. Бұл жеңіс Ертуғанға әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті.

Зейнуллинов – 2024 жылғы Қазақстан чемпионы. Бұған дейін 1/8 финалда ол IBA-PRO ұйымының өкілі Хосе Мануэль Агийре Крузды сенімді түрде жеңген болатын.

IBA әлем чемпионаты 3 желтоқсанда Дубайда басталды. Биылғы дүбірлі додаға әлемнің 118 елінен боксшылар қатысуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам