Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Мен үшін үлкен белес – алғаш рет финалға шыққан Абылайхан Жүсіпов

12.12.2025, 00:29

Ол 71 келіде қарсыласын сенімді жеңді. 

Мен үшін үлкен белес – алғаш рет финалға шыққан Абылайхан Жүсіпов
ҚР ҰОК

Карьерасында бірінші рет әлем чемпионатының финалына жолдама алған Абылайхан Жүсіпов жекпе-жектен кейінгі әсерін бөлісіп, жанкүйерлерге алғыс айтты.

Жеңгенімен қатты қуаныштымын, себебі мен үшін бұл үлкен белес болды. Бұған дейін үш әлем чемпионатында қола медаль алсам, бүгін алтын медальге бір қадам жақындадым. Қазақстаннан келіп қолдап жатқан жанкүйерлерге көп рахмет! – деді Жүсіпов.

Айта кетейік, мұның алдында тек Серік Сәпиев әлем чемпионатында төрт медаль алған, енді Жүсіпов сол жетістікті қайталап отыр.

Жүсіпов – 2024 жылы Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. Сонымен қатар ол 2017, 2019 және 2021 жылдардағы әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері. 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында алтын медаль иеленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам