Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«ТМД турнирі! Бокс құрдымға кетті»: Әлем чемпионатында Кубаның бір боксшысы ғана жүлде алды

12.12.2025, 09:41

Ресей құрамасынан 13 боксшы жартылай финалға жетті

«ТМД турнирі! Бокс құрдымға кетті»: Әлем чемпионатында Кубаның бір боксшысы ғана жүлде алды
© REUTERS / Carl Recine

Бокстан Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында Куба боксшылары арасында бір ғана спортшы жартылай финалға жете алды.

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Арлен Лопес жартылай финалға шығып, өзбек боксшысы Жавохир Умматалиевке есе жіберді.

Ал әйгілі Хулио Ла Круз ширек финалда өзбекстандық Турабек Хабибуллаевтан 4:1 есебімен жеңілді. Айта кететін жайт, Өзбекстан өкілі қыркүйек айында Ливерпульде 90 келі салмақта топ жарған.

Осылайша Куба боксы Дубайда оңбай дағдарысқа түскенін көрсетіп отыр.

Дубайдағы сында Қырғызстан бокс тарихында Омар Ливаза алғаш рет ӘЧ-ның финалына шықты. Тәжікстан боксында тура осындай оқиға орын алып, Хусравхон Рахимов та алғаш рет финалға жолдама алып отыр.

Айта кететін жайт, Дубайдағы әлем чемпионатын ТМД елдері боксшыларының қатысуымен өтетін шағын турнирлерге ұқсатуға болады. Мәселен, Ресей құрамасынан 13 боксшы жартылай финалға жетсе, олардың барлығы дерлік финалға өтіп отыр. Ал олардың қарсыластары Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан секілді елдің былғары қолға шеберлері болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам