Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Жеңгеніме күмәнім болды» – Ертуған Зейнуллиновты ұтқан ресейлік шындықты айтты

12.12.2025, 17:02

 Нәтиже шынымен бір-екі дәл соққыға қарап шығарылды

«Жеңгеніме күмәнім болды» – Ертуған Зейнуллиновты ұтқан ресейлік шындықты айтты
Скрин видео

Дубайдағы әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Ертуған Зейнуллинов пен ресейлік Илья Попов арасындағы айқас тартысқа толы болды.

Төрешілер шешімі – 4:3, Поповтың пайдасына. Тіпті IBA арнайы Bout Review процедурасы арқылы бас төреші мен бақылаушының қосымша бағасына жүгінуге тура келді.
Поповтың айтуынша, жекпе-жектің тағдырын бар болғаны «бір-екі соққы» шешкен.

«Бірінші раундты ала алмадым – қарсыласым жоғары қысыммен келеді деп күтпедім. Кейін тактиканы өзгертіп, жағдайды өз пайдамызға бұруға тырыстық. Екінші және үшінші раундтарда басымдық бізге өтті», – дейді ол.

Bout Review кезінде не сезінгенін сұрағанда, ресейлік боксшы былай деді:

«Ішімнен «Құдай қаласа, жеңіс бізге бұйырсын» деп тілеп тұрдым. Шыны керек, күмәнім болды. Жекпе-жек өте қарқынды өтті. Нәтиже шынымен бір-екі дәл соққыға қарап шығарылды. Соған қарамастан жеңіс маған бұйырғанына шүкірлік етемін».

Попов финалға шығудың оңай болмағанын да атап өтті:

«Әлем чемпионатының финалына жол – бір жылдық еңбек емес, жиырма жылдық еңбектің жемісі. Өте бақыттымын», – деді ол.

Ал Ертуған Зейнуллинов осы нәтижемен ӘЧ-2025-тің қола жүлдегері атанды. Финалда ресейлік боксшыны Қырғызстан өкілі Омар Ливаза күтіп тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам