Ол өзі де 2013 жылы біріншілікте топ жарған.
Қазақстандық танымал боксшы, 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов боксшыларға қолдау көрсету үшін Дубайға келген болатын. Осы орайда Біржаннан финалдық кездесулерге қатысты пікірін білдік.
Жігіттерді қолдау үшін, қасында болып қолдау көрсетейік деп келдік. Бұйырғаны болады. Бірақ жігіттер аянып қалып жатқан жоқ. Намысты бермей, соңына дейін бокстасып жатыр. Өкінішке қарай, бірнеше боксшымызға төрешілер обал жасады. Соның өзінде алтауы жартылай финалға шығып, соның төртеуі финалға өтті. Нәтижені бүгін көреміз, төрешілер жұмысын әділ атқарса, бәрі жақсы болады деп ойлаймын.
Әлем чемпионаты деген жауапкершілігі жоғары аламан. Бірақ біздің жігіттер де осал емес, тәжірибесі толысқан, әлем чемпионы, Азия чемпионы деген атақтары бар. Сондықтан бүгін барын алуы тиіс. Жігіттерге тек жеңіс тілеймін, - деп түйіндеді боксшы.