Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Шешуші күн: қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионы атағына таласады

13.12.2025, 16:31

Бүгін әлем чемпионатының финалы. 

Шешуші күн: қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионы атағына таласады
ҚР ҰОК

13 желтоқсан күні Дубайда IBA ұйымдастырған бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді. Қазақстан құрамасы бұл кезеңде төрт салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін бақ сынайды. Шешуші айқастарға Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Сабыржан Аққалықов (75 кг) жолдама алды.

Финалдардың басталу уақыты (Қазақстан уақытымен):

18:30 – 54 кг: Бибосынов – Рогозин (Ресей)

18:45 – 57 кг: Асылқұлов – Рахимов (Тәжікстан)

19:45 – 71 кг: Жүсіпов – Колденков (Ресей)

20:00 – 75 кг: Аққалықов – Муцольгов (Ресей)

Қазақстан боксшыларын қолдау үшін Дубайға Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев арнайы келді. Ол отандастарымыздың бабында екенін атап өтіп, барлығының алтын алуға лайық екенін айтты.

Тәжірибелі Сәкен Бибосынов әлем чемпионатындағы тағы бір алтын медалін алуға жақын. Оразбек Асылқұлов бұл турнирде ресейлік боксшыны жеңген жалғыз спортшы атанып, сенімді өнер көрсетіп келеді. Абылайхан Жүсіпов мансабында алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықса, Сабыржан Аққалықов нокауттарымен көзге түсіп, шешуші кезеңге тікелей жолдама алды.

Айта кетейік, IBA әлем чемпионатының жеңімпаздарына 300 мың доллар сыйақы қарастырылған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам