Ол бұл атаққа алғаш рет осыдан төрт жыл бұрын қол жеткізген.
Қазақстандық тәжірибелі боксшы Сәкен Бибосынов әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.
Отандық былғары қолғап шебері Дубайда өтіп жатқан біріншілікте ресейлік Вячеслав Рогозинді ұтты.
Айта кетейік, 28 жастағы спортш Бибосынов бұған дейін 2021 жылғы әлем чемпионатында үздік шықса, 2019 жылғы біріншілікте қола алған. Бұдан бөлек оның Токио Олимпиадасының қола жүлдесі бар.
Сәкен биылғы чемпионатта Ботсвана, Танзания, Замбия және Непал боксшыларын сенімді түрде жеңіп, финалға жетті. Ал 19 жастағы Вячеслав Рогозин – Ресей чемпионатының үздігі, турнирдің ең жас әрі қауіпті боксшыларының бірі.