Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

IBA төрт елдің бокс федерациясын құрамынан шығарып тастады

16.12.2025, 12:17

Федерацияларды қолдауға 55 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді

IBA төрт елдің бокс федерациясын құрамынан шығарып тастады
Дарья Исаева, «СЭ»

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) кезекті Конгресін өткізіп, бірнеше елдің бокс федерациясын қатардан шығарды. Оның ішінде Пәкістан, Сент-Винсент пен Гренадин, Үндістан федерациялары бар.

Бұдан бөлек, Нидерланд федерациясының тұрақты мүше мәртебесін алу жөніндегі өтініші қабылданбай қалған. Аталған конгресте Үндістанның жаңа құрылымы - Indian Amateur Boxing Federation таныстырылып, боксты насихаттауға арналған IBA Boxing Game атты виртуалды ойын жобасының тұсауы кесілгені айтылды.

IBA президенті Умар Кремлев 2026 жылы ұйым ұлттық федерацияларды қолдауға, чемпионаттар мен жүлде қорларын қаржыландыруға, сондай-ақ жарыстарға қатысу мүмкіндігі жоқ спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдауға 55 миллион доллар бөлетінін мәлімдеген.

Бұдан бөлек, IBA әлем бойынша мұқтаж спортшыларға 50 мыңнан астам жұп бокс қолғаптары мен шлемдерді тегін таратпақ.

Сондай-ақ, IBA 2026 жылдан бастап командалық форматтағы бокстан әлем кубогын өткізеді. Әрбір ұлттық құраманың сапында жеті боксшыдан өнер көрсетеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 10 миллион АҚШ долларынан асады.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 6
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам