Боксшы мойын жарақатына байланысты алдағы айқастың кейінге шегерілгенін айтты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман Алматыда жоспарланған жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеді.
Спортшы Instagram-дағы парақшасында мойын жарақатына байланысты алдағы айқастың кейінге шегерілгенін айтты.
“Сәлем, достар. Қалайсыздар? Сіздермен соңғы жаңалықты бөліскім келіп отыр. Менің мойнымдағы жарақатыма байланысты жекпе-жегім болмайтын болды. Кейінге шегерілді десек те болады. Иә, командамен тыңғылықты дайындалдық, өте үлкен жұмыс атқардық. Бірақ енді осындай жағдай болып тұр. Дегенмен, әрқайсыларыңызға менімен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Қазір мен үшін ең маңыздысы – денсаулығымды күту”, – деді Балауса Мұздыман.
Былғары қолғап шебері бірінші кезекте тезірек жарақатынан жазылуына басымдық беретінін айтып, қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғысын жеткізді.
Айта кетейік, 27 желтоқсанда Балауса Мұздыманның Алматыда жұдырықтасатыны белгілі болған.