«Басты мақсат – Азия ойындары»: Қайрат Сәтжанов боксшылардың жоспары туралы айтты

Жазғы Азия ойындары Жапонияда өтеді

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Бокстан ұлттық құрама қаңтар айында Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Бұдан кейін құрама спортшылары АҚШ боксшыларымен бірлесіп дайындықтарын пысықтамақ.

Бұл туралы ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Қанат Байұзақовқа берген сұхбатында атап өтті.

«2026 жылдың 4-25 қаңтары аралығында жалпы дене дайындығы бойынша Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін бірқатар спортшыларымыз Испаниядағы турнирге аттанады. АҚШ құрамасы Олимпиада бағдарламасына кіретін 7 салмақтан 14 боксшыны бірге Колорадо-Спрингс қаласына дайындалуға шақырды. Жыл сайынғы дәстүрлі Болгария, Мажарстан, Сербиядағы жарыстарда да күшімізді сынап көрмекшіміз. Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына дайындалу үшін, Қазақстанда Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркия және Англия құрамасы оқу-жаттығу жиынына қатысуға қызығушылық танытып отыр. 2026 жылдың басты жарысымыз – қыркүйек айындағы Жапониядағы жазғы Азия ойындары болмақ», - деді бас бапкері.

Айта кетейік, жақында ұлттық құрама боксшылары Дубайда ІВА өткізген әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленген еді. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов, Абылайхан Жүсіпов топ жарса, Сабыржан Аққалықов күміс медаль иеленді. Ал Теміртас Жүсіпов пен Ертуған Зейнуллинов қола жүлдеге қол жеткізді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам