Баходирмен талай жыл шаршы алаңда қарсылас болдық, бірде ол, бірде мен жеңдім
Талай жыл бокстан аса ауыр салмақта құраманың көшбасшысы болған Қамшыбек Қоңқабаев бізге берген эксклюзивті сұхбатында Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалоловпен бәсекелестігі туралы айтты.
– Сіздің байырғы қарсыласыңыз өзбекстандық Баходир Жалолов бүгінде кәсіпқой бокста бақ сынап жүр. Ол әуесқой бокстан кеткен соң, көпшілік енді сіздің топ жаратын уақытыңыз келді дегендей болжам айтып жүр. Соңғы әлем біріншіліктерінен соң осындай пікірлер тіпті жиілеп кеткен секілді...
– Шыны керек, өзіме де талай кісі осылай айтып жатыр: «орның бөлек, әлі де айтарың бар» деп жазып та жатады.
Баходирмен талай жыл шаршы алаңда қарсылас болдық, бірде ол, бірде мен жеңдім. Әрине, спортшы болған соң карьераңды есте қаларлық жеңіспен аяқтағың келеді ғой. Ондай арман менде де бар екенін жасырмаймын. Адам өзі қанағатсыз ғой, чемпион болсам дейсің, сонан соң екі дүркін деген атаққа, әрі қарай үш дүркін деген атаққа қол жеткізсем дейсің. Бірақ оның бәріне әсер етуші факторлар бар.