Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Төрешінің қателігі». Әділбек Ниязымбетов Жақпеков пен Бижамов арасындағы даулы айқасқа қатысты пікір білдірді

Бүгін, 14:41

Ниязымбетов мұндайда бір бас жоғары болу керек деп санайды. 

«Төрешінің қателігі». Әділбек Ниязымбетов Жақпеков пен Бижамов арасындағы даулы айқасқа қатысты пікір білдірді
IBA

Бокстан ІВА ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатындағы ресейлік Джамбулат Бижамов пен қазақстандық Ерасыл Жақпеков арасындағы жекпе-жек қорытындысына қатысты пікірталас әлі де басылған жоқ. Осы орайда біз ұзақ жыл бойы 81 келіге дейінгі салмақта құраманың көшбасшысы болған, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің пікір білдік.

«Биыл боксшылар екі әлем чемпионатына қатысып, жап-жақсы нәтижелер көрсетті. Ливерпульде төрт алтын, Дубайда үш алтын алды. Екі біріншілік те жігіттер үшін үлкен тәжірибе, сабақ болды. Үш жылдан соң Олимпиада ойындары өтетінін ескерсек, інілеріміз қазірден бастап қарсыластарын зерттеуге мүмкіндік алды.

Әрине, даулы сәттер болғаны да рас. Соның ішінде Ерасыл Жақпековтің айқасына қатысты мәселе бар. Жекпе-жекті толық көрдім және төрешінің қателігі бар деп санаймын. Қарсыластың ауыр соққыдан аяқта тұра алмай, есеңгіреп қалғанын көре тұра төреші есеп ашқан жоқ. Әйтпесе есеп ашылып, айқас тоқтатылуы қажет еді. Бірақ бұра тарту деген мәселе бұрыннан бар, сондықтан мұндай кездерде қарсыласыңнан бір бас жоғары болып қана жеңіске жетесің», - деді Ниязымбетов.

Естеріңізде болса, 80 келі салмақтағы 1/8 финалда қазақстандық Жақпеков пен ресейлік Бижамов арасындағы кездесу қорытындысын жанкүйерлер «әділетсіз» деп бағалаған болатын. Ал осыдан бірер күн бұрын бұл мәселеге қатысты ресейлік боксшының өзі де жауап беріп, жеңісіне сенімді болғанын айтып еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам