Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

«Патшаның оралуы»: аңыз боксшы карьерасын жалғастырмақ

04.01.2026, 18:56

Ол үзілістен соң күш жинағанын айтты.

«Патшаның оралуы»: аңыз боксшы карьерасын жалғастырмақ
МТК

Ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы, британиялық Тайсон Фьюри (34-2-1, 24 KO) кәсіби мансабын қайта жалғастыруға ниетті екенін растады. Ол араға бір жыл салып, яғни биыл рингке оралатынын мәлімдеді.

37 жастағы боксшы бұл шешімін әлеуметтік желіде жариялап, үзіліс өзіне оң әсер еткенін және үлкен жекпе-жектерге қайта дайын екенін жеткізді.

«2026 жыл - патшаның қайта оралатын жылы. Біраз уақыт шетте болып, енді қайта сапқа тұрдым. Жасым 37-де және шайқасқа дайынмын. Рингте жігіттерді сабап, сол үшін ақы алудан асқан рахат жоқ», - деп жазды Фьюри.

Тайсон Фьюри бұған дейін 2013 жылдың қарашасында, 2017 жылдың шілдесінде, 2022 жылдың сәуірінде және 2025 жылдың қаңтарында спорттан кететінін жариялаған. Алайда үзілісі ұзаққа созылмаған.

Фьюри кәсіпқой бокста 37 жекпе-жек өткізіп, соның 34-інде жеңіске жетсе, 24-ін нокаутпен аяқтаған. Бір кездесу тең аяқталса, екі рет жеңіліс тапты - екеуінде де украиналық Александр Усикке (24-0, 15 KO) жол берді.

Кәсіпқой деңгейде ол WBC, IBF, WBA (Super), WBO, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды, сондай-ақ The Ring журналының чемпиондық белбеуін иеленді. Бұған қоса Еуропа чемпионы (EBU) атанып, The Ring басылымының «Жыл боксшысы», «Жылдың қайта оралуы» сынды беделді марапаттарына бірнеше рет лайық деп танылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам