Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындықты бастады

05.01.2026, 10:06

Құрлықтық жарыс наурыз айында басталады

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындықты бастады
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан құрамасы 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Боксшылар Түркістан облысында бас қосты деп хабарлады Бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл наруыз айында Моңғолия астанасында Азия чемпионаты жалауын көтереді. Бүгінгі оқу-жаттығу жиыны – осы құрлықтық бәсекеге дайындықтың бірінші кезеңі.

«20 күн бойы барлық аймақтан жиналған 50 спортшы физикалық және функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға, күш пен төзімділіктің жалпы көлемін жинақтауға және алдағы жарыстарға қажетті жүктеме базасын қалыптастыруға еңбектенеді», - делінген Федерация таратқан хабарламада.

Еске салайық, ұлттық құрама боксшылары соңғы рет желтоқсан айында IBA ұйымдастырған әлем чемпионатына қатысып, үш алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам