Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Әлем чемпионатының жүлдегері Дулат Бекбауовтың үйлену тойы өтті

05.01.2026, 13:07

Бекбауов Алматыда кәсіпқой бокста өзбекстандық қарсыласын жеңген

Әлем чемпионатының жүлдегері Дулат Бекбауовтың үйлену тойы өтті
Әлеуметтік желі

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовтың үйлену тойы Тараз қаласында өтті. Бұл туралы «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев желіде жазба жариялады.

«Енді «мен» емес, «біз» деп сөйлейтін күн туды. Шаңырақтарың шайқалмасын. Күлкілерің көп, ұрыстарын аз болсын! Бақытты болыңдар!», - деп жазды балуан желіде.

Бұған дейін Дулат Бекбауовтың отау құратыны туралы ақпарат тарап, құдалық рәсімі Тараздық боксшы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болған еді. Спортшы Париж Олимпиадасына қатысуға үмітті болып, ел ішілік іріктеу турниріне қатысқан. Алайда ол шешуші сәтте Мұхамедсабыр Базарбайұлына есе жіберіп, Таиландта өткен олимпиадалық іріктеу турнирінен тыс қалды.

Желтоқсан айының соңына таман Бекбауов Алматыда кәсіпқой бокс кешінде жартылай орта салмақта Өзбекстаннан келген Хасанбой Мирзахамраевты (3-5, 2 КО) ауыр нокаутпен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам