Боксшы Дубайда өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленген
Бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Ертуған Зейнулинов егіз ұлды болды. 63,5 келіде өне көрсететін боксшының шаңырағындағы қуаныш туралы оның жары желіде жазба жариялады.
«Ертуғанұлы Хамза мен Ертуғанұлы Омар атты чемпиондар дүниеге келді», - деп жазылған Наргиз Шинееваның желідегі парақшасында.
Естеріңізде болса, Ертуған Зейнуллинов 2025 жылдың соңында Дубайда өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Ол іріктеу кезеңдерінде Моңғолия, Израиль және ІВА боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты. Ал финалға жолдама беретін айқаста ресейлік Илья Поповқа төрешілер шешімі бойынша жол берді.
Сондай-ақ, Зейнуллинов 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетті. Ол сол сында өзбекстандық Олимпиада чемпионы Асадхуджа Муйдинхужаевтан айласын асыра алмады.